Басты бет Жаңалықтар Асанәлі Әшімов: Қазақ бар қасиетінен айырылып қалатындай қорқамын

Асанәлі Әшімов: Қазақ бар қасиетінен айырылып қалатындай қорқамын

Танымал актер, Халық әртісі Асанәлі Әшімов анасы туралы естелік айта отырып, әйел адамының қандай болуы керектігі жайлы баяндап берді. Балалық шағы тынымсыз еңбекпен өткен актер анасының тәрбиесінде ерте есейген. Сондықтан да Әшімов әйел адамдарды ерекше сыйлайтынын айтады, деп жазады ult.kz.

“Біз төрт жасымыздан бастап еңбекке араластық. Қырманда жүріп есейдік. Шынында да, адам сәу­лет­шісі – Ана ғой. Ойлап қара­ңызшы, дүниеге жаңа келген тіршілік иесіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқаушы да сол ана емес пе?!”, – дейді актер.

Әңгіме барысында Әшімов ана құшағының жұмақ мекен екенін бағамдауға болатын ғалымдардың зерттеуін сөз етті.

Ғалымдар анасынан айырылған май­мыл балалар үшін екі қуыршақ май­мыл ана жасап, бірінің омырауынан сүт шыға­тын, денесі қатты да суық етіп, екіншісінің омырауынан сүт шық­пайтын, бірақ денесін жылы да жұмсақ етіп, жасаған екен. Май­мыл балалары сүті бар денесі қатты қуыршақты емес, сүті жоқ болса да денесі жұмсақ қуыр­шақты ана ретін­де қабылдап, соның бауырына тығы­лыпты.

Ал жас­тайынан шеше бауырында есейген актер үшін ананың орны тіптен бөлек болатын. Әртістің анасы «Әйел адам – ұлттың айнасы» деп жиі айтып отырған.

“Егер әйел адам жалаңаш­тана бастаса, ұлттың жаны жа­лаң­аштана бастайды екен. Тіпті, сонау ашаршылық кездерінде де, соғыс тұсындағы аласа­пыран, алма­ғайып күндерде де аналарымыз жаулығын тастаған емес”, – дейді Әшімов.

Айналама қарай­мын. Қараймын да қамығамын. Бүгін мүлдем жат ұрпақ өсіп келе жатқан­дай

“Айналама қарай­мын. Қараймын да қамығамын. Бүгін мүлдем жат ұрпақ өсіп келе жатқан­дай. Ертең кешегі қазақ пен бүгінгі қазақтың арасы жер мен көктей алшақ тартып, еж­ел­­ден ұлы құндылыққа бай біз ұлт ретінде өзімізді жоғалтып ала­мыз ба деп алаңдаймын”, – деп кейіді актер.

“Ал қазір ше? Айдың, күннің аманында аналар түгел жалаңбас қалды. Бастағы ора­малдың мәнісі де жат жұрт­тық болып, ана атану еді. Қазір қызы да бір, анасы да бір. Бая­ғыда үлкендер шашта қасиет бар, ол жуып, күтілмесе, ұза­тылғасын көзден жаулық арқылы көле­гейленбесе, қасиет қай­тады деп айта­тын. Кейде оңашада осыны ойлағанда қорқамын, қазақ бар қасиетінен айы­рылып қала­тын­дай», – деді cөз соңында Асанәлі Әшімов.

4 пікір

  1. Қазіргі ұрпақтардың әліде қасиеті бар. Тек оларды оятса қана қазақ күшіне енеді. Сонда қазақ ұлтынан басқа мықты ұлт болмайды.

    • «Қазіргі ұрпақтардың әлі де қасиеті бар. Тек оларды оятса ғана қазақ күшіне енеді. Сонда қазақ ұлтынан басқа мықты ұлт болмайды.» Кім бұл ойды сізге құйғанын білмеймін, бірақ рухы азыса оны тірілту мүмкін емес.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version