Басты бет Қоғам Нұр-Сұлтанда балалар үйіне бөлінген 25 миллион теңгені жымқыру дерегі тіркелді

Нұр-Сұлтанда балалар үйіне бөлінген 25 миллион теңгені жымқыру дерегі тіркелді

Астанадағы балалар үйлерінің бірінде жетім балаларға азық-түлік сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Фото: Lada.kz

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу осы мекеменің директоры мен бас бухгалтері сатып алу ережелерімен қарастырылған процедураларды өткізбей, басқаруындағы үлестес кәсіпорынмен азық-түлік жеткізуге шарттар жасағандығын анықтады. Бұл ретте, компанияның нақты иесі бас бухгалтердің бұрынғы жұбайы, — делінген хабарламада.

2019-2020 жылдар кезеңінде жасалған шарттар бойынша лауазымды тұлғалар аталған компания арқылы бөлінген 130 миллион теңге бюджет қаражатынан жетім балаларға азық-түлік сатып алуға бөлінген 25,9 миллион теңгені жымқырған.

Ведомствоның хабарлауынша, тергеу жалғасып жатыр, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды.

Exit mobile version