Басты бет Медицина Коронавирус пен пневмония жұқтырған 82 қазақстандық қайтыс болды

Коронавирус пен пневмония жұқтырған 82 қазақстандық қайтыс болды

Қазақстанда 6 қыркүйектің қорытындысы бойынша коронавирустан 72 адам қайтыс болды, ал коронавирус белгілері бар пневмониядан 10 өлім дерегі тіркелді.

Фото: Күнту Арынбек

Денсаулық сақтау министрлігінің 8 қыркүйектегі мәліметі бойынша, 87 015 адам (79 248 КВИ+ және 7 767 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 18 333 пациент, амбулаторияда 68 682 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 1 377 адамның жағдайы ауыр, 378 пациенттің жағдайы өте ауыр. 197 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

статистика

Айта кетейік, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны азайып келеді. Өткен тәулікте 3 639 адамнан коронавирус анықталды.

Exit mobile version