Басты бет Жаңалықтар «Буынсыз адам» Қытайда бақ сынайды

«Буынсыз адам» Қытайда бақ сынайды

“Буынсыз адам” деген атпен шыққан цирк әртісі Айдос Тоқтарбаев Қытайда өтіп жатқан халықаралық “Талант сахнасы” байқауының жартылай финалына шықты. Спорттың қауіпті түрінен Гиннестің жаңа рекордын орнатқысы келетін отандасымыз жеңімпаз атанса 50 мың АҚШ долларына ие болады, деп хабарлайды 31 арна.

“Байқау басында командалық болып басталған, кейіннен әркім өз бетінше өнер көрсететін болды. Көрермендерді, әділқазы алқасын таңқалдыру керек. Сонымен жартылай финалдамыз бұйырса”, – деді цирк әртісі Айдос Тоқтарбаев.

Қазір Ван Дамның танымал трюгін қайталайтын цирк артисі, шпагатқа отырып, екі аяғымен көлік сүйрейді екен. Трюк өте қауіпті. Өйткені көліктің салмағы 1 тонна болса, кейін оның үстіне 50 келі болатын 4 қап цемент салынады.

Айдостың сөзінше, шпагатқа отырып үйрену ешқашан кеш емес. Ол үшін жаттығуды күніне үш төрт рет жарты сағаттай жасау керек. Тұрақты түрде машықтанудың нәтижесі 2 аптадан кейін-ақ көрінеді бастайды. Ал, мамандардың айтуынша, қыз балаға шпагатқа отыру зиянды. Өмірге ұрпақ әкелу мүмкіндігі кемиді. Ал, ер адамға зиян жоқ.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version