Басты бет Қоғам Атырауда бір жасар егіз бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Атырауда бір жасар егіз бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Атырау қаласында 1 жастағы егіз бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Біреуі ауруханада қайтыс болды.

Фото: Ser-per.kz

Бұл туралы  Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқыс оқиға 5 қыркүйек күні Атырау қаласында болған. «Береке» шағын ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің 3-қабатынан 2020 жылы туған 2 баланың (егіз) терезеден құлау дерегі тіркелді. Бұл кезде екі баланың анасы жұмыста болған, ал әкесі ұйықтап жатқан. Өкінішке қарай, пәтердің терезелерінде темір тор орнатылмаған, — делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, баланың біреуі ауруханда қайтыс болды. Ал екіншісі ауруханада жатыр.

Exit mobile version