Басты бет Қоғам Министрлік білім басқармалары басшыларының ұялы телефон нөмірін жариялады

Министрлік білім басқармалары басшыларының ұялы телефон нөмірін жариялады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім басқармаларының басшыларына азаматтардың өтініші, шағымы мен ұсынысына жедел ден қоюды тапсырды.

Иллюстрация: Dribbble.com/©Jones

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Тұрғындар жауапты тұлғаларға тікелей хабарласуы үшін білім басқармасы басшылары мен орынбасарларының ұялы телефон нөмірі жарияланды. Министр бұл қабылданған шаралар туралы ақпаратты уақытылы алу және кері байланыс орнатуға сеп болатынына сенім білдірді.

Айта кетейік, білім басқармалары 14 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қала әкімдіктеріне қарайды. Олар оқу процесін ұйымдастыруға байланысты мәселелермен айналысады.

Exit mobile version