Басты бет Спорт Токио Паралимпиадасы салтанатты түрде жабылды

Токио Паралимпиадасы салтанатты түрде жабылды

Жапония астанасында Жазғы Паралимпиада ойындарының жабылу салтанаты аяқталды. Биыл жарысқа әлемнің 162 мемлекетінен 4 400-ге жуық спортшы қатысты. Олар 22 спорт түрінен 539 медаль жиынтығын сарапқа салды.

Фото: Dw.com

Аталған додаға еліміздің атынан 26 спортшы барды. Олар спорттың 7 түрінен сынға түсті. Қазақстан құрамасы Токио Паралимпиадасында 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль алды.

Олардың арасынан Давид Дегтярев (пара пауэрлифтинг) чемпион атанды. Ал, пара дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина күміс алса, суға жүзуші Нұрдәулет Жұмағали қола жүлдегер болды.

Айта кетейік, алғашқы Паралимпиада ойындары 1960 жылы Италия астанасы Римде өтті. Ойындар 18 қыркүйекте «АкваАцетос» стадионында ашылды. Қазақстандық спортшылар 1996 жылдан бері Жазғы Паралимпиада ойындарына қатысып келеді.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы сапынан екі спортшы жүлдеге қол жеткізді. 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейрода Зульфия Ғабидуллина еркін мәнерде 100 метрге суға жүзуден чемпион атанды. Сол жолы тағы бір қазақстандық Раушан Қойшыбаева пауэрлифтингтен әйелдер арасында 67 келіде күміс жүлдеге қол созды.

Енді Жазғы Паралимпиада ойындары 2024 жылдың 28 тамыз және 8 қыркүйегі аралығында Франция астанасы Париж қаласында өткізіледі.

Ал Қысқы Паралимпиада ойындары 2022 жылдың 4-13 наурызы аралығында Қытай астанасы Бейжің қаласында болады.

Exit mobile version