Басты бет Жаңалықтар Паралимпиадада коронавирус жұқтырғандардың саны 300-ге жетті

Паралимпиадада коронавирус жұқтырғандардың саны 300-ге жетті

Жапония астанасында өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында тағы 10 адам COVID-19 жұқтырған. Бұл туралы Ұйымдастыру комитеті мәлім етті.

Фото: Gazeta.ru

Токиода Паралимпиадада үш апта ішінде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 300 адамға жетті.

Олардың 297-сі негізінен мердігерлер. Төртінші күн қатарынан бірде-бір спортшының тестісі оң нәтиже бермеді, індет жұқтырған 10 адамның тоғызы мердігер болды.

Айта кетейік, ауруға шалдыққан науқастар карантинге жатқызылды. Комитет 12 тамыздан бастап Паралимпиадаға байланысты COVID-19 жұқтыру жағдайлары туралы күнделікті хабарламаларды жариялай бастады.

Exit mobile version