Басты бет Қоғам «Достық-Мойынты» жаңа теміржол бағытының құрылысы басталады

«Достық-Мойынты» жаңа теміржол бағытының құрылысы басталады

Қытаймен арадағы транзиттік қатынастарды кеңейту үшін "Достық – Мойынты" жаңа темір жол бағытының құрылысы басталады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев VI Шығыс экономикалық форумының пленарлық мәжілісінде айтты.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Форумда Қазақстан президенті тиімді көлік инфрақұрылымын қалыптастырудың маңызына баса мән берді.

Сонымен бірге транзиттік тораптарды дамытуда еліміздің әлеуеті мен мүмкіндіктері жөнінде, соның ішінде, осы саладағы ұлттық жоспарларды Еуразиялық экономикалық одақтың қызметімен және Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» жаһандық бастамасымен ұштастыру туралы кеңінен айтты.

Қазақстан транзиті өзінің экономикалық тұрғыдан тартымдылығы мен сенімділігін дәлелдеді. Сондықтан инфрақұрылымды жетілдіру ісін жалғастыра береміз. Атап айтқанда, ҚХР-мен арадағы транзиттік қатынастарды кеңейту үшін «Достық – Мойынты» жаңа теміржол бағытының құрылысын бастаймыз, – деді президент.

Президенттің айтуына қарағанда, бұған бөлінген инвестицияның жалпы көлемі 2 миллиард доллардан асады.

Exit mobile version