Тәліптер өзбек халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі Талибан қозғалысының өкілі мен Ауғанстан Ислам Әмірлігі келіссөз тобының мүшесі Мұхаммед Сухаил Шахин қозғалыс басшылығының атынан өзбек халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтағанын мәлім етті.

Фото: Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі

Біз бауырлас Өзбекстан елінің басшылығы мен халқын Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Көршілес Өзбекстанмен жемісті және достық қарым-қатынас орнатқымыз келеді, − делінген Өзбекстан Сыртқы істер министрлігіне жіберілген құттықтауда.

Бұдан басқа, тәліптер тарапы Өзбекстанмен бірлесе отырып Ауғанстанда теміржол және электр желілерін салу жобасын жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.

Ауғанстан Ислам Әмірлігі өзбек серіктестерге осы бағытта барлық қажетті көмекті көрсетеді, − деді Талибан қозғалысының өкілі.

Exit mobile version