Басты бет Білім Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына 4,4 миллион теңге сыйақы беріледі

Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына 4,4 миллион теңге сыйақы беріледі

Халықаралық зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздары біржолғы ақшалай сыйақы алатын болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

Фото: Еdu.mcfr.kz

Алтын медаль иегерлері 1500 АЕК, күміс – 1000 АЕК, қола – 500 АЕК көлемінде сыйақы алады.

Зияткерлік, шығармашылық, спорттық бағыттар бойынша және WorldSkills сынды халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарын қолдау мақсатында конкурсқа қатыспай-ақ жоғары оқу орындарына түсу үшін грант тағайындау мәселесі заңнамалық түрде реттелетін болады. Сондай-ақ Халықаралық зияткерлік олимпиадаларға қатысушыларды ынталандыру және қолдау үшін алтын медаль иегерлеріне 1500 АЕК, күміс – 1000 АЕК, қола – 500 АЕК көлемінде сыйақы тағайындау жоспарланып отыр, – деді Асхат Аймағамбетов.

Еске сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті жолдауында дарынды балаларға тиісті қолдау жасалу керектігін баса айтты.

Биыл бірнеше оқушы халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Ондай дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсету қажет. Біз оларға жоғары оқу орнына түсу үшін конкурстан тыс гранттар береміз. Бір реттік ақшалай сыйақы да төлейміз. Балалардың ұстаздарын да моральдық және материалдық тұрғыдан ынталандырған жөн, − деді мемлекет басшысы.

Exit mobile version