Басты бет Жаңалықтар Паралимпиадада жүзуден қос қазақстандық финалға шықты

Паралимпиадада жүзуден қос қазақстандық финалға шықты

Жапония астанасында Паралимпиада ойындары жалғасып жатыр. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.

Фото: Оlympics.com

Ерлер арасында 100 м брасс әдісімен S13 санатында Нұрали Советқанов жалпы нәтижеде 8 орынмен финалға шықты. Сонымен бірге осы санат бойынша сынға түскен Нұрдәулет Жұмағали екі топ нәтижесінде үшінші орынмен аяқтап, финалистер қатарын толықтырды.

Енді ерлер арасында 100 м брасс әдісімен S13 санатындағы спортшылар финалы елорда уақытымен 16:02-де басталады.

Exit mobile version