Басты бет Қоғам Қазақстанда некені электрон құжат арқылы тіркеуге болады

Қазақстанда некені электрон құжат арқылы тіркеуге болады

2021 жылдың 5 қыркүйегінен бастап некені жеке куәлік пен электрон құжат арқылы тіркеу қолданысқа енгізіледі.

Иллюстрация: Dribbble.com ©danhu

Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Некеге тұруға ниет білдірген адамдар тіркеуші органға жеке басын куәландыратын құжатпе неке қиюды (ерлі – зайыпты болуды) тіркеудің белгіленген күні цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатпен келуі қажет, – делінген құжатта.

Егер белгілі бір себептермен некеге тұрғысы келетіндер белгіленген күні келе алмаса, онда неке қиюды тіркеу мерзімі олардың өтініші бойынша басқа уақытқа ауыстырылады.

Айта кетейік, белгіленген күні келмеген жағдайда өтініштің күші жойылады.

Exit mobile version