Басты бет Жаңалықтар Димаш Құдайбергенов Қытайдағы байқаудың бірінші кезеңінен өтті

Димаш Құдайбергенов Қытайдағы байқаудың бірінші кезеңінен өтті

Қытайдың Хунан телеарнасының «Singer2017» тележобасында бақ сынап жүрген отандасымыз Димаш Құдайбергенов жобаның бірінші кезеңінен сүрінбей өтті.

Қытайлық БАҚ-тардың хабарлауынша, жобаның түсірілімі кеше басталғанымен, эфирден 21 қаңтардан бастап көрсетіледі. Бірінші кезең қорытындысы бойынша, қытайлық әнші Юуань Явей (Tia Ray) жарыс жолынан шығып қалған. Димаш француздардың «SOS d’un terrien en détresse» әнін орындаған.

Димаш бүгін өзінің Instagram парақшасына демалып жатқан фотосын салып, «Бүгінгі күн сәтті өтті! Бұл тек байқаудың бірінші күні. Әр байқау күні бір адам жеңіс кубогын алып, енді бірі шығып отырады. Жалпы 14 кубок, яғни 14 рет сынға түсу деген сөз. Ең көп кубок иегері жеңімпаз атанады. Орта жолда өзге де әншілер қосылып отырады. Алғашқы эфир 21 қаңтар күні Хунан телеарнасында. Қазақстандықтар қалай көре алатыны туралы xабар береміз. Ал әзірге, келісім бойынша бүгінгі нәтижені жариялауға болмайды! Бізде түн, түсірілім әлі жалғасуда, жобаның ерекшелігі камера сенің әр қылығыңды бақылап, ішіп-жегеніңді бәрін реалити түрде түсіріп жүреді… Десек те, сәл ұйықтап алуды жөн көрдім… Оны да түсіріп үлгеріп жатыр…» — деп жазды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version