Басты бет Жаңалықтар Мұнай өнімдерін тасылмаумен айналысқан екі павлодарлық ұсталды

Мұнай өнімдерін тасылмаумен айналысқан екі павлодарлық ұсталды

Полиция жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қылмыс жасады деген күдікпен 50 және 47 жастағы екі павлодарлықты ұстады. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жанар-жағармай материалдарын жымқырды деген күдікпен топтағы адамдардың қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Алдын ала келтірілген шығын шамамен 17 миллион теңгені құрайды.

Белгілі болғандай, олар Павлодар қаласының автожанармай құю стансаларына мұнай өнімдерін тасымалдаумен айналысатын бір ұйымның қызметкерлері болып шықты.

Күдіктілер алдын ала дайындалған сызба бойынша, яғни тасымалданатын отынды жеткізу және құюмен айналысқан, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 189-бабы 4-тармағының 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерге қатысты «ешқайда шықпау туралы» қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

 

Exit mobile version