Басты бет Жаңалықтар Атырауда монтерді ток соғып қайтыс болды

Атырауда монтерді ток соғып қайтыс болды

Атырау қаласында электр бағанасында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан монтерді ток соғып қайтыс болды.

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға кеше сағат 14:30-да қаладағы «Нұрсая» шағын ауданында болған. 59 жастағы монтер электр бағанасына шығып, желіні жөндеп жатқан кезде ток соққан.

«Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

 

Exit mobile version