Басты бет Қоғам Ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелерінің біріне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелерінің біріне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді

Алматы облысындағы "Баянқол" шекара бөлімшесі Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен аталады.

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Elbasy.kz

Премьер-министр Асқар Мамин тиісті үкімет қаулысына қол қойды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының «Баянқол» шекара бөлімшесінің атауы «Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы» шекара бөлімшесі деп ауыстырылсын, — делінген құжатта.

Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Exit mobile version