Басты бет Қоғам 90 жастағы Төрегелді Шарманов коронавирусқа қарсы вакцина салғызды

90 жастағы Төрегелді Шарманов коронавирусқа қарсы вакцина салғызды

Ғалым, медицина ғылымдарының докторы Төрегелді Шарманов коронавирусқа қарсы қытайлық вакцинаның алғашқы дозасын салдырды.

Видео скрині

Бұл туралы ғалым Алмаз Шарман Instagram-парақшасында жазды. Ол Төрегелді Шарманов Sinopharm шығарған Vero Cell вакцинасын салғызғанын жазды.

Бүгінде бүкіл әлемді қауіпті инфекция жаулап алды. Бұл — коронавирус. Бұл қауіпті инфекциядан бір ғана жолы бар (қорғанудың. — ескерт.) — бұл вакцинация. Мен жылдар бойы өзіме осындай қауіп төндіріп келдім. Вакцинация тек өзін ғана емес, сонымен қатар туыстар мен достарды қорғау екеніне сенімдімін, — деді академик.

Төрегелді Шарманов қазақстандықтарға жалған жаңалықтар туралы да ескертті.

Қазір вакцина қауіпті деген жалған ақпарат тарады. Сенбеңіз, вакцина — бұл жалғыз қорғаныс әдісі және отбасы мен достар арасында қалудың жалғыз жолы. Маған ештеңе болған жоқ, мен сенімдімін және вакцина алғаныма қуаныштымын, — деді ғалым.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 6 466 823 қазақстандық, II компонентін – 5 152 752 адам салдырды.

Exit mobile version