Ауғанстанда Қорғаныс министрі тағайындалды

«Талибан» қозғалысы (Қазақстанда террористік ұйым деп танылып, тыйым салынған) Ауғанстанның Қорғаныс министрі қызметіне бұрын Кубадағы америкалық Гуантанамо түрмесінде жазасын өтеген Абдул-Каюм Закир тағайындалды. Бұл туралы Al Jazeera телеарнасы хабарлады.

Ақпарат көздері бойынша, жаңа министр тәліптердің ірі әскери, соның ішінде радикалды бағыттағы операцияларын басқарған. 2001 жылы Ауғанстанда операция басталғаннан кейін оны АҚШ әскери күштері ұстап алып, Баграм әуе базасында түрмеге қамайды. Содан кейін ол Гуантанамоға ауыстырылады. Жазасын өтеп болған ол тәлібтер қатарына қайта қосылды.

Бұдан бөлек, кеше бірқатар лауазым иесі тағайындалды. Олардың қатарында Ішкі істер және Білім министрлері, сонымен бірге қала губернарторлары да тағайындалды.

Еске сала кетейік, осы жылдың 14 сәуірінде АҚШ президенті Джо Байдан Ауғанстаннан әскерлерді шығару туралы шешім қабылдайды. Уақыт өте келе, яғни 15 тамызда содырлар Кабулға ұрыссыз кіріп, бірнеше сағат ішінде ел астанасын басып алды.

Exit mobile version