Басты бет Жаңалықтар Мектептерде «Домбыра» пәні оқытылатын болды

Мектептерде «Домбыра» пәні оқытылатын болды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Білім беру жөніндегі тамыз конференциясында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының вице-президенті Алмагүл Мұхамедханова мектепте балаларға домбыра тарту үйретілетінін мәлімдеді.

Ұлттық құндылықтар – өте маңызды. Біз өз Отанымызды жай ғана сүйіп қоймай, оған жан-тәнімен берілген, өз халқы мен отанының идеяларын, құндылықтарын насихаттайтын адамды қалыптастырып, соған арқа сүйеуіміз керек. Бірақ бұл барлығы осы пәнді оқуға жаппай, тезірек көшеді дегенді білдірмейді. Барлығы мектептің дайындығы мен ресурстарына байланысты болады, − деді ол.

Академия вице-президентінің айтуынша, мұндай пәнді алтыншы сыныптан бастап енгізу керек. Қазір оқу бағдарламасы сараптамадан өтіп жатыр. Сараптамадан кейін ол барлық білім беру ұйымдарына жолданады.

Оған қоса, вице-президент жаңа пән қазақ тілді сыныптарға қатысты екенін алға тартады.

 

Exit mobile version