Басты бет Жаңалықтар Ақтаудағы теңіз жағалауынан ер адамның мәйіті табылды

Ақтаудағы теңіз жағалауынан ер адамның мәйіті табылды

24 тамызда сағат 19:23 шамасында Ақтау қаласы бесінші шағын ауданындағы теңіз жағалауынан ер адамның мәйіті табылды.

Маңғыстау облыстық Төтенше жағдай департаменті басшысының орынбасары Бекболат Әбдіқадыровтың айтуынша, құтқарушылар ер адамның мәйітін судан шығарды.

Ақтаудағы бесінші шағын ауданындағы 2001 жылы туған жас жігіт Бейнеу ауданының тұрғыны болып шықты. Туыстарының айтуынша, ол 23 тамызда үйінен шығып кетіп, содан бері үйіне келмеген, − деді Бекболат Әбдіқадыров.

Қазіргі таңда марқұмның өліміне не себеп болғанын полицейлер анықтап жатыр.

 

 

Exit mobile version