Басты бет Жаңалықтар Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы мен орынбасары тағайындалды

Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы мен орынбасары тағайындалды

Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына Ермек Сағымбаев және орынбасары лауазымына Батырбек Байбосынов тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Ермек Сағымбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымынан босатылды.

Президенттің Жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Батырбек Бердібайұлы Байбосынов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Exit mobile version