Басты бет Қоғам Қасым-Жомарт Тоқаев академик Нәдір Нәдіровтің отбасына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев академик Нәдір Нәдіровтің отбасына көңіл айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Нәдір Нәдіровтің отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Нәдір Нәдіров. Фото: Қазақстандағы күрдтер қауымдастығы

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА академигі, қоғам қайраткері Нәдір Нәдіровтің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын. Нәдір Нәдіров отандық мұнай химиясының негізін қалаушылардың бірі болып, Қазақстанның ғылыми-экономикалық әлеуетін арттыру жолында еңбек етті. Қоғамдық жұмыстарда да белсенді болып, еліміздегі ұлтаралық келісім мен татулықты нығайтуға зор үлес қосты. Нәдір Кәрімұлының жарқын бейнесі ұмытылмай, есімі отандық ғылым тарихына алтын әріптермен жазылады, — делінген президенттің жеделхатында

Exit mobile version