Басты бет Жаңалықтар Отбасы күніне арналған видеороликтердің онлайн конкурсы өтеді

Отбасы күніне арналған видеороликтердің онлайн конкурсы өтеді

"Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институтының Отбасы институтын зерттеу орталығы Отбасы күніне орай өткізілетін республикалық видеороликтердің онлайн конкрусы жөнінде хабарлайды. Қазақстанда биыл аталған мереке қыркүйектің 12-де (қыркүйек айының әрбір екінші жексенбісі) аталып өтетін болады.

Бейнеоликтердің онлайн конкурсы екі бағыт бойынша ұйымдастырылатын болады: отбасы құндылықтарына байланысты «Отбасы құндылықтарының сандықшасы» және балаларға арналған ертегілер бойынша «Ертегілер әлемі». Әр бағыт бойынша жеңімпаздарға арналған жүлде қоры 100 мың теңгені құрайды. Конкурс тамыз айының 9 мен қыркүйек айының 9 аралығында өткізледі.

Конкурсқа қатысушылар 1-3 минуттық бейнероликте өз отбасының құндылықтары мен дәстүрі жөнінде немесе балаларға арналған ертегі түріндегі қысқа бейнеөнім ұсына алады.

Барлық бейнеөнім ресми сайт пен ҚҚДИ-дің барлық әлеуметтік желілерінде, яғни арнайы  Instagram және Facebook желілерінде ашылған @kiorotbasy2021 парақшаларында #kiorotbasy2021 #киорсемья2021 хештегтерімен орналастырылады. Онлайн конкурстың жеңімпаздары Instagram желісіндегі орналастырылған видеоның астындағы жиналған лайк санымен онлайын дауыс беру арқылы анықталады.

Видеороликтер конкурсының қорытындысы 2021 жылдың 10 қыркүйегінде белгілі болады.

Exit mobile version