Басты бет Жаңалықтар Цифрлық даму вице-министрі қызметінен босатылды  

Цифрлық даму вице-министрі қызметінен босатылды  

Батырқожа Азамат Байқуанышұлы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Премьер-Министрлің баспасөз қызметі

Азамат Батырқожа 1972 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Ф.Е. Дзержинский атындағы стратегиялық зымыран күштері әскери академиясын, «Тұран-Астана» университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1995 жылы жеке компанияда күзет бөлімінде арнайы техник болып бастады.

1997-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.

Осы жылдар ішінде ол жекеменшік компанияларда және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеді, Көлік және коммуникация министрліктерінде түрлі қызметтерді атқарды.

2019 жылдың желтоқсанынан қазіргі уақытқа дейін Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш вице-министрі болды.

 

Exit mobile version