Басты бет Жаңалықтар Алматыда теміржолшыны өлтірмек болған күдікті ұсталды

Алматыда теміржолшыны өлтірмек болған күдікті ұсталды

Алматы қаласының 34 жастағы тұрғыны темір жол қызметкерін өлтіруге әрекет жасады. Бұл туралы Көліктегі Полиция департаменті хабарлайды.  

Мәліметтерге сәйкес, 26 шілдеде Көліктегі Полиция департаментінің Алматы-1 стансасындағы желілік полиция басқармасының кезекші бөліміне Н. деген ер адамға шабуыл жасалғаны, салдарынан ол оқтан жарақаттанғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып, ізін суытпай ұсталды. «Наган» револьвері тәркіленді, − деді полиция генерал-майоры.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Еске сала кетейік, бүгін түнде Сәтбаев қаласының 41 жастағы тұрғынын белгісіз біреу атыс қаруын қолданып өлтіріп кетті.

Exit mobile version