Басты бет Жаңалықтар Сәтбаевта белгісіз біреу ер адамды өлтіріп кетті

Сәтбаевта белгісіз біреу ер адамды өлтіріп кетті

Бүгін түнгі сағат 01:00-де белгісіз біреу атыс қаруын қолданып, Сәтбаев қаласының 41 жастағы тұрғынын өлтіріп кетті. Бұл туралы Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» әрекеті бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Оқиға орнында Қарағанды облысы Полиция департаментінің және Сәтбаев қаласының полиция басқармасының жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр, − деп мәлімдеді баспасөз өкілі.

Қазіргі уақытта қылмысты ашуға барлық қажетті тергеу-жедел іс-шаралары бағытталған.

Exit mobile version