Басты бет Қоғам Сәкен Майғазиев қызметінен босатылды

Сәкен Майғазиев қызметінен босатылды

2020 жылы желтоқсанда "Шымкент қалалық мәдениет үйі" концерттік ұйымы" директоры болып тағайындалған әнші жеке өтініші бойынша қызметінен кетті.

Фото: Stan.kz

Бұл туралы Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Майғазиев Сәкен Қордабайұлы шығармашылық жұмыстардың қарқын алуына байланысты «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК директоры лауазымынан жеке өтініші бойынша өз еркімен босатылды, — делінген хабарламада.

Exit mobile version