Басты бет Қоғам Қазақстан Ауғанстаннан 42 азаматты эвакуациялады

Қазақстан Ауғанстаннан 42 азаматты эвакуациялады

Ауғанстаннан Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мен Литва азаматы отырған әскери ұшақ Алматыға сәтті қонды.

Фото: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін сағат 17.00-де ҚР ӘӘК С-295 әскери-көлік ұшағы Ауғанстаннан эвакуацияланған 42 жолаушымен Алматыға сәтті қонды. Қазақстанға 25 ҚР азаматы, оның ішінде 15 ересек адам және 10 бала, сондай-ақ Қазақстан елшілігінің қызметкерлері келді, — делінген хабрламада.

Ведомствоның хабарлауынша, сонымен бірге осы бортпен Қырғызстан азаматтары да эвакуацияланған.

Қырғыз тарапының өтініші бойынша Қырғыз Республикасының 14 азаматы эвакуацияланды. Гуманитарлық операция ретінде осы ұшақпен Қазақстан елшілігіне көмек сұрап жүгінген 1 Ресей азаматы мен 1 Литва азаматы АИР-дан шығарылды, — делінген хабарламада.

Ауғанстан, Ұшақ
Фото: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы әрдайым шетелдегі өз азаматтарының мүдделері мен құқықтарын қорғайтынын мәлімедеді.

Exit mobile version