Басты бет Қоғам Амандық Баталов Токио Олимпидасы жүлдегерлеріне пәтер сыйлады

Амандық Баталов Токио Олимпидасы жүлдегерлеріне пәтер сыйлады

Алматы облысы әкімі Амандық Баталов ауыр атлетикадан жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Зүлфия Чиншанло мен Игорь Сонмен кездесті. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Зүлфия Чиншанло және Амандық Баталов. Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сіздер еліміздің мақтанышысыздар. Сіздерге барлық қажетті қолдау тұрақты түрде беріледі. Бүгін мен сіздерді жетісулықтар атынан елеулі жеңіспен құттықтаймын және жаңа спорт шыңдарын бағындыруларыңызға тілектеспін, — деді Амандық Баталов.

Облыс әкімі спортшыларға құрмет грамотасы және пәтер кілтін табыс етті.

Зүльфия Чиншанло үш бөлмелі пәтердің, ал Игорь Сон екі бөлмелі пәтер кілтін алды. Спортшылардың жаттықтырушылары да марапатталды. Оларға әрқайсысына 2 миллион теңгеден ақша сертификаттары табыс етілді.

Игорь Сон және Амандық Баталов. Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Еске салайық, Токио Олимпиадасында Зүлфия Чиншанло мен Игорь Сон қола медаль жеңіп алды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Зүлфия Чиншанлоны II дәрежелі «Достық», Игорь Сонды «Құрмет» орденімен наградтады.

Exit mobile version