Басты бет Қоғам Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 118 адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 118 адам қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде коронавирус және пневмониямен ауырған 118 азамат қайтыс болды.

Фото: Esp.md

15 тамызда бір тәулік ішінде Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 118 адам қайтыс болды.

Оң ПТР-сынамасы бар коронавирустан (КВИ+) 99 науқас қайтыс болды.

коронавирус, 15 тамыз

Коронавирус белгілері бар пневмониядан теріс ПТР-сынамасымен (КВИ-) 19 науқас қайтыс болды.

17 тамызда 120 488 адам (115 712 КВИ+ және 4 776 КВИ -) COVID-19-дан емделуін жалғастырып жатыр, оның ішінде:

  • стационарларда 30 996 пациент жатыр;
  • 89 492 науқас үйде емделіп жатыр.

КВИ+ және КВИ- мен ауырғандардың ішінде:

  • ауыр халде — 1 910 пациент;
  • аса ауыр жағдайда — 529 пациент;
  • 251 пациент жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Exit mobile version