Комментатор Амангелді Сейітхан қайтыс болды

Спорт журналисі, белгілі комментатор Амангелді Сейітхан қайтыс болды.

Амангелді Сейітхан. Фото ашық дереккөзден

Қайғылы хабарды Qazaqstan телеарнасының баспасөз қызметі естіртті.

Журналист кейінгі екі аптада жансақтау бөлімінде жатып, коронавирустан көз жұмды, — делінген жазбада.

Амангелді Сейітхан 1969 жылы 11 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауданында дүниеге келген.

1991-1994 жылдары «Спорт» газетінде жұмыс істеді. 1994 жылдан «Қазақстан ТРК»-ның «Тұғыр» бағдарламасының авторы және жүргізушісі, спорт бөлімі бас редакторының орынбасары, «Құмсағат» бағдарламасының спорт акпараттар продюсері, 1997 жылдан «Хабар» агенттігінде жұмыс істеді.

Футболдан «Франция-98» Азия ойындары (1999, Банкгок, Бусан, Оңтүстік Кореядан чемпионатынан, Сиднейдегі (2000), Солт-Лейк-Ситидегі (2002) Олимпиада ойындарынан хабар жүргізді.

С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2000).

Exit mobile version