Басты бет Қоғам Қазақстанда 1 қазан Радио қызметкерлері күні болып белгіленді

Қазақстанда 1 қазан Радио қызметкерлері күні болып белгіленді

2021 жылдың 13 тамызында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 1 қазан Радио қызметкерлері күні болып белгіленді.

©baribar.kz

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтаған кезде Қазақ радиосының 100 жылдығын мерекелеу аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп жариялауды ұсынған еді.

Радио қызметкерлерінің кәсіби күні отандық радионы одан әрі дамытуға қосымша ынталандыру болады деп болжанып отыр, — делінген жазбада.

Еске салайық, Қазақстанда радиохабар тарату тарихы 1921 жылдың қазан айында басталды.

Exit mobile version