Басты бет Жаңалықтар Қазақстан азаматтарының орташа зейнетақысы қанша?

Қазақстан азаматтарының орташа зейнетақысы қанша?

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 триллион теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Мейірман Лес

2021 жылдың қаңтар-шілде айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 478, 9 миллиард теңгеден астам қаржы, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне 1 083 миллиард теңге бөлінген.

2021 жылдың шілде айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 222,2 миллиард теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 68,1 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 154,1 миллиард теңге бөлінді, — деліген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны — 2 миллион 238 мың адам.

Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақыны қосқанда) 2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша — 99 921 теңге.

Еске салайық, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әр алушыға оның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, жеке тағайындалады.

Exit mobile version