Басты бет Қоғам Орман өртін сөндіру үшін жіберілген Қазақстан тікұшақтары Түркияға жетті

Орман өртін сөндіру үшін жіберілген Қазақстан тікұшақтары Түркияға жетті

Қазақстаннан орман өртін сөндіру үшін жіберілген тікұшақтар Түркияға жетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша түрік халқына бауырластық және гуманитарлық көмек көрсету аясында 11 тамыз сағат 13.25-те ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқару тобы Даламан қаласына барды, — делінген

Оның құрамында 2 Ми-8АМТ тікұшағы және орман өрттерін сөндіруге тартылған 16 құтқарушы бар.

Түстен кейін өрт сөндіру орындарында барлау мақсатында ұшу жоспарланған.

Одан әрі Қазақстан ТЖМ жеке құрамы Түркия Республикасы ТЖМ жедел штабының қарамағында өрт сөндіру жұмыстарына кіріседі.

Exit mobile version