Жаңа Toyota Camry шықты

Toyota Motor Corporation жапониялық компаниясы Детройтта өткен NAIAS-2017 автосалоны аясында Toyota Camry-дің сегізінші буынын таныстырды.

TNGA (Toyota New Global Architecture) платформасы негізіндегі жаңа генерациялық көлік осы модельдің тарихындағы жаңа тарау болмақ.

Толықтай жаңартылған Toyota Camry ’2018 біз шығарған орташа көлемді седандар ішіндегі ең тартымды екені сөзсіз», — деп атап өтті таныстырылым кезінде Toyota компаниясының аға вице-президенті Боб Картер.

Жаңа Toyota Camry алдыңғыларына қарағанда сәл төмен, дегенмен бұл салонның кеңдігі мен жайлылығына зиянын тигізбегенін айтады компания өкілдері. Америкалық нарықта көліктің төрт жиынтығы ұсынылады: LE, XLE, SE және XSE.

Көлік салонында 8-дюймді мультимедиялық экран және навигациялық жүйе орнатылған, ол климат теңшеулерге де пайдаланылады. Сонымен қатар, жабдық панелінде 7-дюймді ақпарат мониторы орнатылған. Сонымен қатар, көлік Toyota Safety Sense P қауіпсіздік пакетімен жабдықталады.

Жапон брендінің еуропалық нарыққа қашан шығатын әлі белгісіз.

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version