Авиацияның жауынгерлік әзірлігінің нақты жай-күйін анықтау үшін жеке құрам дабыл бойынша көтерілді. Комиссия кезекші күштерді, оқу-материалдық базаның жағдайын, сондай-ақ жауынгерлік құрам мен қару-жарақты тексерді.
Шымкенттегі әуе базасы тексерілді
Әскери-әуе күштері қолбасшысының орынбасары полковник Тимур Омаровтың төрағалығымен комиссия Шымкентте орналасқан авиациялық базаның жауынгерлік әзірлігін тексерді.