Токио-2020: Мейрамбек Айнағұлов бірінші кезеңде қырғыз балуанынан жеңілді

Токиодағы Олимпиада ойындары аясында күрес түрлерінен 1/8 финалы өтіп жатыр. 60 келіде белдескен Мейрамбек Айнағұлов алғашқы қарсыласына жол берді.

Фото: Жеңіс Ысқабай

Грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақта күрескен Мейрамбек қырғызстандық Жоламан Шаршенбековтен жеңілді.

Белдесуде 8:0 есебімен алға шығып,  айқын басымдықпен аяқтаған қырғызстандық балуан келесі айналымға өтті.

Қырғызстан өкілі Жоламан Шаршенбеков финалға шыққан жағдайда, Мейрамбек Айнағұлов жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алады.

Exit mobile version