Досыңыз түр-сипатына мүлдем жараспайтын шаш үлгісін жасатып алыпты. Онысын өзіне айтасыз ба?
Досыңыз өміріңіздегі барлық оқиғағадан хабардар ма?
Түн жарымда досыңыз есік қағып тұр. Барар жері жоқ, сізге келіп қонсам дейді. Ал үйіңізде онсыз да қонақ бар. Не істейсіз?
Досыңыздың ешкім білмейтін жағымсыз ісін, құпиясын білесіз. Бұл ақпаратты қалай пайдаланасыз?
Жақын досыңызбен соңғы рет қашан сөйлестіңіз?
Досыңыз қарызға қомақты ақша алып, қайтармай жүр. Не істейсіз?
Қанша жақын досыңыз бар?
Досыңыз бір затыңызды уақытша сұрап алды да, байқаусызда бүлдіріп қойды. Не істейсіз?
Бір-екі ай хабарсыз кеткен адамды “досым” деп атай аласыз ба?
Достығыңызды не бұзуы мүмкін?
Бөлісе отырыңыз:

