Басты бет Тест Тест: дос ретінде қандай адамсыз?

Тест: дос ретінде қандай адамсыз?

30 шілде - Халықаралық достық күні! Жолдас ретінде қандай адам екеніңізді білгіңіз келе ме? Тестіден өтіп, тексеріп көрейік.

Иллюстрация: Vectorstock.com
0%

Досыңыз бір затыңызды уақытша сұрап алды да, байқаусызда бүлдіріп қойды. Не істейсіз?

Досыңыз өміріңіздегі барлық оқиғағадан хабардар ма?

Қанша жақын досыңыз бар?

Досыңыз түр-сипатына мүлдем жараспайтын шаш үлгісін жасатып алыпты. Онысын өзіне айтасыз ба?

Досыңыз қарызға қомақты ақша алып, қайтармай жүр. Не істейсіз?

Бір-екі ай хабарсыз кеткен адамды “досым” деп атай аласыз ба?

Досыңыздың ешкім білмейтін жағымсыз ісін, құпиясын білесіз. Бұл ақпаратты қалай пайдаланасыз?

Түн жарымда досыңыз есік қағып тұр. Барар жері жоқ, сізге келіп қонсам дейді. Ал үйіңізде онсыз да қонақ бар. Не істейсіз?

Жақын досыңызбен соңғы рет қашан сөйлестіңіз?

Достығыңызды не бұзуы мүмкін?

Тест: дос ретінде қандай адамсыз?
Мінсіз дос!
Достарыңызды қатты жақсы көресіз. Кез-келген уақытта қол ұшын созуға дайынсыз. Өмірде жақыныңызға қуанып, қадірін білесіз. Олар да махаббатыңызды сезеді және бағалайды. Бір сөзбен айтқанда, сіздің достық қарым-қатынасыңызға қызыға қарауға болады.
Талапшыл дос!
Өмірлік принциптеріңізді досыңыз да бұзбауы керек деп есептейсіз. Дегенмен түсінігі мол, мейірімді адал доссыз.
Бір досың керек екен...
Жақын досыңыз жоқ сияқты. Әріптесіңіз, танысыңыз көп, бірақ қиын сәтте көмектесуге дайын дос жетіспейді. Ойланып көріңіз, бәлкім, бар мәселе сізде шығар?

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Exit mobile version