Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда жыл басынан бері 312 адам суға батып кетті

Қазақстанда жыл басынан бері 312 адам суға батып кетті

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықовтың айтуынша, 233 адам суға шомылу маусымы кезінде көз жұмды. 

Иллюстрация: Pixabay.com

Ведомство өкіл суға кеткендердің 100-ден астамы бала екенін айтты.

Өкінішке қарай жүргізіліп жатқан профилактикалық шараларға қарамастан, қайғылы статистика да орын алып жатыр. Биыл 27 шілдедегі жағдай бойынша 312 адам суға кетті, оның ішінде 109-ы – бала, — деді Бауыржан Сыздықов брифингіде.

Оның айтуынша, жыл басынан бері адам өлімі 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ке өсті, соның ішінде бала өлімі 31%-ке артқан.

Бауыржан Сыздықов шомылу маусымында, яғни 1 маусымнан бастап 233 адам, оның ішінде 70 бала суға батып кеткенін айтты.

Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы осы жылы су айдындарында 214 адам, оның ішінде 43 бала құтқарылғанын айтты. 41 адам рұқсат етілмеген орындарда шомылғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған.

Бұл жерде атап өтетін бір нәрсе бар. Егер орта есеппен бір отбасында бес адам бар деп алсақ, онда құтқарылған адам саны 214 болса, демек біз орта есеппен 43 жанұяны құтқардық деп айтуға болады, — деді комитет төрағасы.

Exit mobile version