Басты бет Спорт Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты

Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды. Бұл туралы Қазақстанның ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.

Фото: Olympickz, Владислав Семёнов

Ширек финалда Елена Рыбакина испаниялық Гарбинье Мугурусамен кездескен болатын. Әлемдік рейтингте 9-шы тұрған Гарбинье Мугурса қазақстандық спортшыға қарсылық таныта алмады.

Небары екі сетке созылған кездесуде Елена Рыбакина 7:5, 6:1 есебімен жеңіске жетті, -делінген хабарламада.

Токио Олимпиадасының финалына өту үшін Елена Рыбакина швейцариялық Белинда Бенчичпен кездеседі.

Exit mobile version