Басты бет Спорт Токио-2020: Боксшы Надежда Рябец бірінші кездесуінде ұтылып қалды

Токио-2020: Боксшы Надежда Рябец бірінші кездесуінде ұтылып қалды

Токио Олимпиадасында әйелдер боксынан Қазақстан намысын қорғаған Надежда Рябец бірінші кездесуден соң жарысты аяқтады.

Фото: Тұрар Қазанғапов, Қазақсан ҰОК

Бұл туралы Қазақстанның ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.

75 келіден жоғары салмақта сынға түскен Рябец әлем чемпионатының қола жүлдегері, канадалық Тамара Тибомен жұдырықтасқан болатын. Кездесуде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті канадалық спортшыға берді, — делінген хабарламада.

Надежда Рябец, бокс
Фото: Тұрар Қазанғапов, Қазақсан ҰОК
Фото: Тұрар Қазанғапов, Қазақсан ҰОК

Еске салайық, әйелдер боксынан Токио Олимпиадасына Қазақстаннан тек Надежда Рябец жолдама алған еді.

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында Токио Олимпиадасынан үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.

Exit mobile version