Сонымен, егер сіз «жолға» шығуға дайын болсаңыз, сіз үшін дербес маршрут белгілейік. Саяхатты жоспарлау кезіндегі ең маңызды мәселелер –  қай жерге барғыңыз келетінін анықтау, әр аялдамадағы қызметтердің қолжетімділік деңгейін бағалау, шығындарды барынша азайту бойынша мүмкіндіктерді қарастыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Картадағы нүктелер

ЖК арналған Jusan Bank картасы бағыттардың кең таңдауын ұсынады. Өз шоттарыңыз (ЖК карт-шотыңыз, жеке тұлға ретіндегі шотыңыз) арасында операциялар жүргізе аласыз, бөгде жеке тұлғалар (P2P-аударымдар) мен заңды тұлғалар үшін аударымдар жасай аласыз. Сондай-ақ жеткізушілер мен контрагенттердің қызметтерін, мемлекеттік баждарды, салықтарды және кедендік төлемдерді төлей аласыз, тауарлар мен қызметтерді байланыссыз төлемдер, pay wave және samsung pay арқылы онлайн және офлайн  сатып ала аласыз.

Ең үздігі – тегін

Межелі жерге тез әрі ыңғайлы жету үшін әдетте қосымша шығындар талап етіледі: біз бизнес-класс пен ақылы авто-магистраль үшін артық төлейміз, алайда ЖК арналған Jusan Bank картасы осы тамаша сервисті тегін алуға мүмкіндік береді. Картаны шығару және бірінші жылы қызмет көрсету 0 теңге! Jusan business қосымшасы арқылы ақша қозғалысын басқару және бақылау тегін. Оған қоса, Jusan Bank  банкоматтары арқылы карта шотына қолма-қол ақша салу, сондай-ақ 1 миллион теңгеге дейін ақша шешуге комиссия алынбайды.

Ақшаны кері қайтару

Саяхаттар экономикасы — бұл тиімді ұсыныстарды іздеу және бюджеттен шықпау үшін күнделікті шығындарға мұқият назар аудару. ЖК арналған Jusan Bank картасы сізге ақшаны сауатты және қауіпсіз жұмсап қана қоймай, оны қайтаруға да көмектеседі. Бұл карта бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер мен онлайн-сатып алу төлемдері комиссиясыз өтеді, сонымен қатар тауарлар мен қызметтерді сатып алған кезде қолма-қол ақшасыз төлемдер 1% мөлшерде кэш-бек әкеледі. Бұл жағымды бонус сізге ай сайын 15000 теңгеге дейін шотқа қайтаруға мүмкіндік береді.

Қауіпсіздік жастықшасы

Кез-келген саяхат — бұл жаңалық пен шытырман оқиғаларға толы саяхаттың қуанышы ғана емес, сонымен қатар жолға қатысты тәуекелдер. «Қозғалыс құралыңызды» қалай қорғауға болады? Ол үшін ЖК арналған мінсіз жұмыс істейтін дуэт –  Jusan Bank картасының және Jusan business мобильді қосымшасының көмегін пайдалану қажет. Қосымша арқылы картадағы барлық операцияларды басқара аласыз. ДСН-кодтың сақталуына кепілдік беру үшін оны кез келген Jusan банкоматы арқылы өз бетіңізше өзгерте аласыз, ал мобильді қосымшаға қолжетімділік алғашқы авторизация жүргізілген смартфонға байланыстырылған және бөгде адамдардың сіздің қосымшаңызға басқа телефоннан кіруіне жол бермейді. 

Жады картасы

«Демалушы синдромы» бәріне таныс болар — ұзақ сапар және жаңа әсерлер жадымызды қатты сілкіп, ең қарапайым және таныс нәрселерді ұмытып кетуіміз әбден мүмкін. ЖК арналған Jusan Bank картасымен және Jusan business мобильді қосымшасымен алаңдауға себеп жоқ. Егер жаңа жобалар мен іскерлік байланыстар басты назарда болса, міндетті төлемдер мен тұрақты төлемдерді банкке тапсыра аласыз, өйткені ұзақ мерзімді тапсырма жүйесі бойынша ақша аудару комиссиясыз жүргізіледі!

Сіз енді табысқа апаратын жол жайлы басты қағиданы білесіз! Өзіңізбен бірге ЖК арналған Jusan Bank  картасын алыңыз – бұл сенімді навигатор!