Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Коронавирус пен пневмония жұқтырған тағы 110 қазақстандық қайтыс болды

Фото: Coronavirus2020.kz

27 шілдедегі мәлімет бойынша, 87 094 адам коронавирус инфекциясынан (–85 163 + және 1931 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 24 328 пациент стационарда, 62 766 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1461 адамның жағдайы ауыр;
  • 306 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 182 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда тағы 6 797 адам коронавирус жұқтырды.

Exit mobile version