Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Денсаулық сақтау министрлігінің 14 мамырдағы мәлімет бойынша, 64 367 адам (–62 651 + және 1 716 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.
Олардың ішінде стационарда 20 050 пациент, амбулаторияда 44 317 науқас ем алып жатыр.
Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 1 157 адамның жағдайы ауыр, 263 пациенттің жағдайы өте ауыр. 160 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.
Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 5 179 дерегі тіркелді.

