Басты бет Жаңалықтар Ордабасы ауданында жаңа кәсіп түрі дамыды

Ордабасы ауданында жаңа кәсіп түрі дамыды

Түркістан облысы Ордабаса ауданы Қайнар елді мекенінде жеке кәсіпкер Әсембеков Бақытжан Мырзанұлы 50 000 000 қызыл калифорниялық шы­лаушын асырап, жылына 1000 куб биогумус өндіріп отыр.

Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, кезінде 200 калифорниялық шы­лаушын сатып алған кәсіпкер, бүгінде 50 000 000 шылаушын асырап отыр.

Кәсіптің тиімділігі: калифорниялық шы­лаушындар шіріген органикалық заттарды «жеу» арқылы жердің құра­мын гумуспен байытып, құнарлы қа­ра топыраққа айнал­дырады. Агросектрға бағытталған ауданымыз үшін органикалық тыңайтқыштың бұл түрі өнімділікті арттыруда, үй шаруашылығы секторында 2 өнім табиғи таза өнім алуда және әр бір азамат өзін-өзі жұмыспен қамту мүмкіндігі бар. Аса қаржылық шығынды қажет етпейтін кәсіп түрі.

Жобаның осы түрін Темірлан елді мекеніндегі жеке кәсіпкер Қанат Патеев үй шаруашылығы секторында 2 000 бас калифорниялық шы­лаушын асырап, соңғы 2 ай мерзімінде 10 000 басқа жеткізді.

 

Ордабасы ауданы, кәсіпкер

Жобаға ниет білдірушілерге аудандық кәсіпкерлік бөлімі тарапынан жоба иесіменен мастер-класс, семинарлар өткізу жоспарланып отыр.

Қызығушылық танытқандар +7 700 307 94 91 нөміріне хабарласуына болады.

Exit mobile version