Басты бет Жаңалықтар Вакцина салуға болмайтыны туралы анықтаманы қайдан алуға болады?

Вакцина салуға болмайтыны туралы анықтаманы қайдан алуға болады?

Бас санитар дәрігер Ерлан Қиясовтың "Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу бойынша шараларды одан әрі жүргізу туралы" 11 маусымдағы №28 қаулысына толықтыру енгізілді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № ҚР ДСМ-146/2020 «профилактикалық егулерді жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес коронавирусқа қарсы профилактикалық егулерге тұрақты және уақытша медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарға вакцинация жүргізілмейді, — делінген құжатта.

Коронавирусқа қарсы вакцинациялауға тұрақты/уақытша медициналық қарсы айғақтардың болуы туралы анықтаманы учаскелік дәрігер (ол болмаған жағдайда — фельдшер) жұмыс орнына ұсыну үшін береді.

Бұл ретте диагноз пациенттің келісімі бойынша көрсетіледі.

Exit mobile version