Басты бет Медицина Алексей Цой коронавирусқа қатысты жаңа болжам жасады

Алексей Цой коронавирусқа қатысты жаңа болжам жасады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы эпидемиология жағдайының жаңа болжамын жариялады.

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Эпидемиология жағдайы (КВИ «Дельта» штамының белсенді таралуын) және вакциналаумен қамтуды ескере отырып, министрлік эпидемиология жағдайдың болжамын жаңартты. Осылайша, пессимистік сценарийде 2021 жылдың шілде-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлар саны шамамен 400 мың адам (орташа есеппен тамыз айында 6 мың жағдайдан жоғары) болмақ, — деп жазды министр.

Екінші реалистік сценарий бойынша, 2021 жылғы шілде-қыркүйекте тіркелген жағдайлар болжамды саны шамамен 355 мың адам (орташа есеппен тәулігіне тамыз айында 5,3 мың жағдайдан жоғары) болмақ.

Ал оптимистік сценарий бойынша, 2021 жылдың шілде-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлар саны шамамен 330 мың адам (орташа есеппен тамыз айында ең жоғары жағдай – тәулігіне 5 мыңға жуық) болуы мүмкін, — деді Алексей Цой.

Exit mobile version