Басты бет Медицина ДДҰ: Коронавирусқа қарсы екі түрлі вакцина салу «қауіпті»

ДДҰ: Коронавирусқа қарсы екі түрлі вакцина салу «қауіпті»

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғылыми қызметкері Сумья Сваминатан адамдарға COVID-19-ға қарсы вакцинаны әртүрлі өндірушіден салдырмауға кеңес берді.

Иллюстрация: Facebook/Алексей Цой

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғылыми қызметкері Сумья Сваминатан ДДҰ-ның Женевадағы штаб-пәтерінде COVID-19 өршуіне байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Женева корреспонденттер қауымдастығы (ACANU) ұйымдастырған баспасөз конференциясына қатысты.

Ұйым қызметкері әртүрлі вакцинаны салдыру «қауіпті үрдіс», өйткені оның денсаулыққа әсері туралы мәліметтер аз екенін айтты.

Бұл аздап қауіпті үрдіс. Бізде араластыру мен сәйкестікке қатысты мәліметтер мен дәлелдер жоқ. Адамдар екінші, үшінші және төртінші дозаны қашан алатынын өзі шеше бастаса, елдерде абыр-сабыр басталады, — деді Сумья Сваминатан онлайн-брифингіде.

Exit mobile version